weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өзбекстандық 32 адамы бар автобус Ақтөбе тас жолында аударылып қалыпты

32 адамы бар автобус аударылып қалды

Өзбекстандық 32 адамы бар автобус Ақтөбе тас жолында аударылып қалыпты
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы «Қарабұтақ – Қостанай» тас жолының 132-ші шақырымында жолаушылар автобусы аударылып қалыпты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

 ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнында зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады.  

Оқиға орнында Әйтеке би аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі қызметкерлері болды. Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды,-делінген хабарламада.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.