weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түрік әкімі сыйлаған Қажымұқанның қанжары музейге қойылды

Қажымұқанның қанжары музейге қойылды

Түрік әкімі сыйлаған Қажымұқанның қанжары музейге қойылды
Фото: qaz365.kz

Қажымұқанның қанжары ұлттық музейге табысталды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған дейін жекелеген адамдардың қолында болған рухани қазынаны енді кез келген адам тамашалай алады. 111 жылдық тарихы бар «Жамбы» қанжарын қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуанға Стамбұл қаласының хакімі Шағыр паша сыйға тартқаны мәлім. Оған қанжардың жүзіндегі жазба дәлел.

Сол жағында «Күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасұлы Мұқанға», ал оң жағында

«Бізден, қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл» деп жазылған.

«Біздің тарихшылардың өзі айтты сол кезде Қажымұқан атамыз Стамбұлда күрескен. Одан кейін Шағыр паша ол кісіні көріп, кәдімгі тәнті болған. Қазақ екенін, мұсылманның баласы екенін көрген кезде Шағыр паша оны көріп қажылыққа бірге апарған. Оған дейін Мұқан Мұңайтпасұлы деп айтылған болса, қажылыққа барып келгеннен кейін Қажымұқан, яғни қажыға барып келген деген ат қосылды», - деді мәжіліс депутаты Ардақ Назаров.