Студенттер ажал құшқан Карлов университеті туралы не білеміз?

Прагадағы Карлов университеті жайында не білеміз?

фото: czstudents.ru

21 желтоқсан күні Праганың Карлов университетінде 24 жастағы Дэвид Козак атыс ұйымдастырып, 14 адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Чехиядағы ең беделді оқу орнында мұндай ауыр жағдай не себептен болғаны белгісіз. Жалпы, университет ең көне оқу ордаларының қатарында. Осындай ауыр қайғы орын алған университеттің бұған дейінгі тарихы туралы не білеміз? Newsroom.kz порталының осыған байланысты жинақтаған материалын назарларыңызға ұсынамыз.

Прагадағы Карлов университеті - Чехиядағы ең беделді жоғары оқу орны, Орталық Еуропадағы ең көне университет. 1348 жылы чех королі мен Рим императоры Чарльз IV құрған.

Карлов университеті Оксфорд, Лейден, Бонн, Сорбонна, Болонья және Женева университеттерімен бірге Еуропалық университеттер қауымдастығына кіреді. Оның факультеттерінде әлемнің жетекші университеттерінің оқытушылары дәріс оқиды.

Барлық факультеттерде бакалавр, магистр дипломын және докторлық диссертациясын қорғаумен оқуға болады.

Оқу ордасында шетелдік студенттерге арналған чех тілінде оқыту тегін, ағылшын тілінде жылына 7 000 доллардан 15 000 долларға дейін. Оқу мерзімі 3-7 жыл.
Мұнда 48 мемлекеттің студенттері оқиды, олардың арасында көбі американдықтар, ағылшындар және немістер, Австриялықтар және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін басқа елдердің өкілдері бар.
 

Жүктелуде...