Чехияда қаралы күн! Студент 14 адамды атып өлтіріпті

Прага қаласында студент университетте 14 адамды өлтірген

фото: Česká televize

Прага қаласының Карлов университетінде студент атыс ұйымдастырыпты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Студенттің қолынан 14 адам қаза тауып, 25 адам түрлі дене жарақатын алған көрінеді.  Шабуылдаушы оны ұстау операциясы кезінде қайтыс болды. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, бұл жағы белгісіз. Желіде атыс куәгері оқиғаны түсірген видео пайда болды.

фото: euronews.kz

Чех басылымдарының мәліметінше, атысты өнер факультетінің 24 жастағы студенті Дэвид Козак ұйымдастырған.Дэвид алдымен ғимаратқа, содан кейін басқа студенттер жасырынуға тырысқан шатырға оқ жаудырған.

Жүктелуде...