Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Өлім аузындағы қыздың сөзін «ойын» көрген тәртіп сақшысы жауапқа тартылмақ

Ақтөбеде полиция қызметкері жауапқа тартылады

Өлім аузындағы қыздың сөзін «ойын» көрген тәртіп сақшысы жауапқа тартылмақ
фото: ult.kz

Ақтөбеде жарақат алып, қансырап көмек сұраған қыз баланың көмегін басында елемеген тәртіп сақшысы сот алдында жауап беріп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Абылайхан Бержановқа "жұмысына салғырт қарады" деген айып тағылған. Ол алғашқы сот отырысында неге істі болып жатқанын түсінбейтінін айтты. Оқиға былай болған, тоғыз ай бұрын түн жарымында 112 құтқару қызметіне 13 жастағы София хабарласқан. Байланыс бірнеше рет үзіліп кетіпті. Кейін телефон тұтқасын көтерген кезекшінің көмекшісіне жасөспірім пышақ жарақатын алғанын, анасы мен бауырын қылмыскер өлтіріп кеткенін айтқан, бірақ оған Абылайхан Бержанов сене қоймапты. Тіпті «ойнамай, тыныш отыр» дейді оған.  Қансыраған жасөспірім осы аралықта талып қалған. Есін қайта жиып, тағы да құтқару қызметінен көмек сұрайды. София мекен жайын анық айтып, ауыр жарақат алғанын жеткізеді, тек үшінші қоңырауында ғана Бержанов жедел жәрдем шақыртады. Дәрігерлер он үш жасар қызды өлім аузынан алып қалады. Қыздың анасы мен ағасын пышақтап өлтірген қылмыскер абақтыға қамалғанымен, өз-өзіне қол салған. Бержановтың бұл ісіне қатысты әлі де тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.