Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

«Тірі анасын жерлеген» Жетісуда алаяқ тұрғындардан алдап ақша алған

Жетісуда алаяқ тұрғындарды алдап ақша алған

«Тірі анасын жерлеген» Жетісуда алаяқ тұрғындардан алдап ақша алған
фото: sputnik.kz

Жетісу облысы Үштөбе қаласы тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ұсталды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Ол келтірілген залалы - 1 млн теңгеден асатын үш алаяқтық іске қатысы бар деген күдікке ілінді.

"Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір досынан "соғымға" деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр",- дейді Қаратал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы

Аудандық соттың санкциясымен күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.