Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрапты

Ләйлә Сұлтанқызынан әзілкеш Нұрболхан Шарапов кешірім сұрады

Коллаж: newsroom.kz

Жайдарман алаңында әзілкеш, жайдарманшы, Нұрболхан Шарапов тележурналист Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Нұрболхан Шарапов 4 жылға созылған әнші екеуінің арасындағы түсініспеушілікке дүйім жұрттың алдында нүкте қойды.

“Ләйлә Сұлтанқызы! Кешірші мені. Түсінем, 4 жыл бұрын менің балалығым да, шалалығым да болды. Сол жерде бәрі быт-шыт болып кетті. Дүйім жұрттың көзінше сізден кешірім сұраймын”, – деп кешірім сұрады. 

Естеріңізге сала кетейік, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповтың арасындағы 4 жылға созылған жанжал Нұрболханның Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынға алуынан басталған. Сынның арты дауға ұласып, тележурналист әзілкешті сотқа берген еді.

Жүктелуде...