Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қазан, 2023 / Рысжан Амантай / Шоубиз

«Мен үшін бірінші орында тұрмайсың» Л.Сұлтанқызының марқұм күйеуі қандай шарт қойған?

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын есіне алды

«Мен үшін бірінші орында тұрмайсың» Л.Сұлтанқызының марқұм күйеуі қандай шарт қойған?
фото: halyq uni

Ләйлә Сұлтанқызы «Жедел сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында марқұм күйеуі екеуінің арасындағы шарт туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

«Тұрмысқа шығар кезде саған қоятын шартым: балаңның тамағы, денсаулығы дұрыс болуы керек. Сен өз міндетіңді дұрыс орында. Содан артылса барып тірлігіңді жаса. Кітап шығарасың ба? Эфир жасайсың ба? Мен жұмысың туралы сұрамаймын. Тура солай сен де менің жұмысым жайлы сұрамайсың. Менің жұмыстан қанша табатынымды, бірінші отбасындағы балама қанша жарататынымды сұрамайсың. Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Ескер» деді. Мен қысым ортасында жүрдім дегім келмейді. Менде белгілі ережелер мен шарттар болды, - деді Ләйлә Сұлтанқызы.