Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Әлем

Түрікмендер Жаңа жылды тойламайтын болыпты

Түркіменстанда Жаңа жылға тыйым салынды

Түрікмендер Жаңа жылды тойламайтын болыпты
Фото: egemen.kz

Түркіменстандағы діни қызметкерлер Жаңа жылды тойлауға қарсы уағыздарды күшейтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Взгляд на восток" телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай саясат Сердар Бердімұхамедов 2022 жылдың наурызында Президент болып сайланғаннан кейін басталған және оның діни көзқарастарына байланысты болуы мүмкін.

"Біздің адамдар 1 қаңтарға қараған түні шошқа етін жейді, алкоголь ішеді, тым көп тамақ дайындайды, ысырапшылдыққа жол береді, бұл біздің сенімімізге қайшы келеді", - дейді имамдар.

Кейбір қалаларда олар мерекеге арналған және безендірілген шыршаларды бұзып бөлшектеп үлгерді.