Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар

Жастардың мәйітін Камазбен бірнеше рейс жасап, төкті: Желтоқсан оқиғасы туралы нені білмейміз?

Желтоқсан оқиғасы туралы нені білмейміз?

Жастардың мәйітін Камазбен бірнеше рейс жасап, төкті: Желтоқсан оқиғасы туралы нені білмейміз?
Скриншот: ulysmedia ютуб арнасы

Саясаткер Уәлихан Қайсаров Желтоқсан оқиғасы туралы біз білмеген ақпаратты Ulysmedia” ютуб арнасына берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

“Қанды оқиғаларға кінәлі әлбетте тек билік. Біз кезінде 2011-2012 жылдары “Кенесары хан” қорының атынан Қырғызстанға президенттік және парламент сайлауына бақылаушы ретінде барғанбыз. Жалпы Желтоқсанды «ұлт-азаттық көтеріліс” деп айтқан жөн. Себебі оқиға деген жай оқиға. Ал, бұл желтоқсан - құбылыс. Ұлт азаттық көтеріліс. Қазақтың қанында қайнап тұрған бүкіл мәселе шыға бастаған кез. Мойындау керек, Кеңес Одағының ыдырауының ең басты себебі - Желтоқсан көтерілісі болды. 

Сол Қырғызстанды айтайын дегенім, сол жердегі ақсақал, үлкен кісілермен көп әңгімелестік. Сонда бізді таңғалдырған бір нәрсе - олардың сөзі. “Сендердің желтоқсан оқиғаларың әлі дұрыс ашылған жоқ”,-деді қырғыздар. Неліктен десем? Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасынан өтетін өзен бар екен.

Сол өзеннің жанына желтоқсан күндерінде әскери қызметкерлер жастардың мәйіттерін самосвальмен көміп тастаған. Керек болса, арнайы экспедициямен келгенде, біз сіздерге көрсетеміз деп айтқан. Сіздер айтып жатқан 10-20 адам өтірік. Бірнеше рейспен самосвальмен келіп жастарды өлтіріп тастаған. Қанды денелердің бәрін көмген. Сендер соны білмейсіңдер, неге соны көтермейсіңдер деді қырғыз ақсақалдары”,- дейді Уәлихан Қайсаров.