Қытай мен Қазақстан енді өзен арқылы байланыспақ

Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев 12 желтоқсандағы Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аймағында Қытайдан Ертіс өзені арқылы келетін кемелер үшін порт салынатынын мәлімдеді.

- Жоба Ертістің трансшекаралық арнасының транзиттік әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Бұл бізге Ресей мен Қытай арасындағы жаңа көлік бағытын ашуға мүмкіндік береді. Көлік магистралінің дамуына жәрдемдесу үшін Семей қаласының маңында жаңа порт салу жоспарлануда.- деді Көлік министрі.

Сондай-ақ, М.Қарабаев Майқапшағай шекара өткеліне теміржол салудың жоспарланып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды newsroom.kz.

- Тұғыл кентінде жаңа айлақ және 99 шақырымдық Тұғыл-Майқапшагай теміржол желісі салынады. Желінің тасымалдау көлемі 2-2, 5 млн тоннаға жетеді деп күтілуде,- деді ресми өкіл.

Жүктелуде...