Әрбір адамның бойында өзгелерден дараландыратын ерекше қабілеті мен қасиеті болады. Тек көп адамдар, мықты тұстарын дамытудан гөрі, әлсіз жағымен күресіп өмірін өткізеді. Gallup (CliftonStrengths34) қоғамдық институты осы мәселені ұзақ жыл зерттеп, 34 сұрақтан тұратын тест ойлап тапты. Тесттің мақсаты - тұлғалық қасиеттерді анықтау. Бұл туралы не білеміз? Ендеше newsroom.kz порталының осы тақырып бойынша зерттеген материалын назарларыңызға ұсынамыз.
Gallup (CliftonStrengths34) қоғамдық институтының зерттеуі бойынша адам бойындағы ерекше қабілетін дамытып отырса, үлкен деңгейдегі жетістікке жете алады.
Мәселен, мектеп оқушысы есеп-қисапқа шорқақтау боп, әдебиеттен жақсы жетістікке жетіп тұрса да, көп дайындықты матемикадан қосымша сабаққа арнайды. Зерттеушілердің пікірінше, бұндай өмір салты таланттарды тұншықтырып, орта деңгейдегі адамды қалыптастырады. Былайша айтқанда, әдебиет саласында әлемдік туындылар жазатын адам талантын дұрыс пайдалана алмай тасада қалуы мүмкін.
Сол себептен, бойдағы талант пен қасиетке мән берген абзал. Тіпті, біздің әлсіз тұсымыз деп ойлайтын қасиетіміз - ең үлкен қабілеттеріміздің бірі болуы ықтимал. Ең уайымшыл деген жанның бойында жауапкершілік, қорқақ дегендердің ішінде қырағылық жасырынуы мүмкін дейді Gallup (CliftonStrengths34) қоғамдық институты.
Тестті 1999 жылы америкалық психолог Дональд Клифтон қолданысқа енгізген. Көпшілік оны Gallup деп атағанымен тесттің ресми атауы – CliftonStrengths34.
Тестің мақсаты – адамдардың мықты қабілеттерін анықтау арқылы сол бағытта дамыту. Ақылы негізде тапсырылатын тесттің құны - 50 доллар. Тест 177 сұрақтан тұрады, әр сұраққа 20 секунд уақыт беріледі. Тесттің дұрыс нәтижесін көргіңіз келсе, көп ойланбай, шынайы жауап бергеніңіз жөн. Толтырғаннан кейін нәтижесі бірден көрінеді. Сонымен қатар, бұл тест қабілетіңізді арттыру жолында нақты әрекеттерді ұсынады. Тестті аяқтағаннан кейін жауаптарға қарай шамамен 25 беттен тұратын тест нәтижесі беріледі. Сол нәтижені Gallup тестінің анализын жасайтын арнайы мамандармен бірге талдайсыз.
Тест адам бойындағы таланттарды төрт бағанға бөледі:
1) Орындаушы;
2) Ықпал етуші;
3) Қарым-қатынас құрушы;
4) Стратегиялық ойлау қабілеті.
34 қабілетті даму бейімділігіне қарай ретімен көрсетіп береді. Бастапқы 10 қабілет – сіздің ең күшті талантыңыз. Тесті Gallup.com сайтына кіріп, онлайн төлем жасап, орыс тілінде тапсыра аласыз.
Айта кетейік, әлемдегі ең мықты компаниялардың 90 пайызы адамдарды осы тест бойынша жұмысқа қабылдайды екен.