Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Әлем

Өзбекстан елі туралы не білеміз?

Өзбекстан Республикасы туралы қызықты деректер

Өзбекстан елі туралы не білеміз?
фото: ашық дереккөзден

Бойына сан ғасырдың тарихын сыйдырған, мәдени ескерткіш пен рухани ілімге бай Орта Азияда орналасқан мемлекет - Өзбекстан туралы не білеміз? Өзбек халқының өмір салтының ерекше тұстары, мәдениеті мен руханияты, табиғаты туралы қызықты деректерді newsroom.kz порталы дайындаған материалдан оқи аласыздар.

1. Өзбекстан Республикасы - Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша — президенттік нысанындағы  зайырлы мемлекет. Президенті 5 жылға сайланады.

2. Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан бастап мекендей бастады.

3. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74% Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

4. Өзбекстанның астанасы - Ташкент қаласы.

фото: викепедия

5. Өзбекстандағы ежелгі сәулет ескерткіштері б.з.б. 4 ғасырда салынған. Олар Баткрия, Хорезм, Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы сақталған. Жергілікті қала салу мәдениетінде, негізінен, өрнек пен  эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-күмбезді композиция пайда болды.

6. Өзбек әдебиетінің фольклорында халық тарихын баяндайтын жыр-дастандардың алатын орны ерекше. Оларға “Күнтуғимиш”, “Алпамыш”, “Гороглы”, “Юсуф пен Ахмад”, “Тахир мен Зухра”, “Арзигул”, т.б. жырлар жатады. Түркі халықтарының, оның ішінде өзбектердің дүние жүзіне танылуына Әлішер Науаидың шығармалары ықпал етті. 18 – 19 ғасырлардағы өзбек әдебиетінде Тұрды, Күлхани, М.Хорезми, Агахи, т.б. шығармалары елеулі орын алды. 

7. Өзбекстан табиғаты өте әдемі. Өзбекстан жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт,  Тұран ойпаты, Әмудария атырауы алып жатыр. 

8. Өзбекстан – дәмді қауын отаны. Мырзашөлде өсетін қауындардай дәмді қауынды әлемде табу қиын.

Өзбекстан өсірген жеміс-жидектің бәрі экологиялық жағынан таза, қоспасыз. Дәрі-дәрмексіз өсіреді. Сондықтан өзбектер өсірген жеміс-жидекті сатып алушылар әлемде көп.