Қостанай қаласында Амангелді тұрғын үй алабында 11 желтоқсанда сағат 12:36-да жарылыс болды. Төтеншеліктер үйінді астында қалып кеткен 12 адамды құқарды. Өкінішке қарай, төтенше жағдай кезінде үш адамның мерт болғаны белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Қостанай қаласы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке қарай, үш адамды құтқару мүмкін болмаған көрінеді.
Сондай-ақ облыстық ауруханаға төрт адам, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілді. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгінді, тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетілуде.
Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, 7 жеңіл және 5 ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстарына зақым келген.
Қостанай қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі, "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.