“Айтыста қолдан ақша жасай бастады” Қазақтың “Сары тентегі” қазіргі айтысты сынады

Ақын бүгінгі айтыс өнері туралы ойымен бөлісті

Видеодан кадр

Ел “Сары тентек” атап кеткен, ақын Қуаныш Мақсұтов “Сұрауы бар” подкастына берген сұхбатында бүгінгі айтысқа кімдер иелік етіп кеткенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Ақын өз сөзінде айтыс - ақшалылардың қолшоқпарына айналып кетті дейді.

“Қолдан ақша жасай бастады. 

Күн көру керек болды, ақша табу керек болды. Қазақтың айтысын қолдаймыз деді. Бірақ, соңында айтыс - ақшалылардың, діни топтардың, саяси топтардың және трайвалиттік топтардың қызметшісі, малайы болып кетті. Міне бұзылған осы. Ақиқаты осы. Ол кезде мені айтысқа шақырған кезі болды, мен бармадым. Миллионды алдыма әкеліп, дипломатты әкеліп қойған кездері болды, мен бармадым. Сайлауда қолда дегендер де болды. Жасыратын түгі жоқ. Сондықтан өтпелі қиын кезеңде біз айтысқа ие бола алмай қалдық. Айтысқа кім көрінген ие болып кетті. 


 

Ақынның сөзінше, айтыстағы жастар тек жеңімпаз болуы ойлайтын көрінеді.

"Айтыстың сәні, салтанаты кетіп қалды. Қазір айтыста жүрген балалар халықты ештеңені ойламайды. Олар ойлайды, Жүрсін жеңімпаз қылады, жюри жеңімпаз қылады деп. Менің ақындық қасиетімнің құнын Құдай емес, халық емес, солар бағаласа болды деп ойлайды. Мен осыған қарсымын. Тазарту мемлекетке қалай керек, ақындар айтысына да солай керек,- деді ақын.

Жүктелуде...