Астанада аяз! Шымқалада қозықұйрық шықты

Шымкентте қозықұйрық өсіп жатыр

Фото: видеодан кадр

Күннің жылылығынан Шымкентте қозықұйрық өсіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Уәли Қыдыр есімді шымкенттік тұрғын қозықұйрық өсіп тұрған аймақты видеоға түсіріп, желіге жүктеді. Онда бір топ жігіттердің қозықұйрық теріп жүргенін көруге болады. 

«Бағбанды алып келіп жерді көрсетпек болып едік, қозықұйрық өсіп кетіпті», - дейді видео авторы. 

Ал, табиғаттың тосын сыйына көпшілік таңқалысып, түрлі пікірлер жазып жатыр. Олардың арасында «Құдайдың кереметі осы. Қазір әлемде күн, ауа бәрі өзгерісте»,«Не шықса да Шымкенттен шығады деген осы», «Ауа-райы көктеммен сәйкес келіп тұрған шығар?», «Бақшада көп шығып жатыр ғои, теріп алып жеуге қорқып отырмыз»-деп жазылған жазбалар бар. 

 

 

Жүктелуде...