Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Қаржы

85 000! Ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді

Қазақстанда қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері өсетін болмақ

85 000! Ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрлігі дайындаған "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;

зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс минимумы 43407 теңге болып бекітілді.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат осы аталған сомалардың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.

«Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленді», - делінген құжатта.