weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Кадрлар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бәрекелді! Мықты математик Президент әкімшілігіне жұмысқа тұрды

Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Бәрекелді! Мықты математик Президент әкімшілігіне жұмысқа тұрды
фото: ашық дереккөзден

Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып Ғани Тілеубековтың орнына Ержан Сейітқұлов тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Сейітқұлов 1979 жылы 4 сәуірде Алматы облысы, Қаракестек деген жерде дүниеге келген. 1996 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне механика-математика факультетіне оқуға түскен.

Ержан Сейітқұлов физика-математика ғылымдарының кандидаты, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік институты "Астана" ХҒК бұрынғы бастығы.

 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→