Семейлік мұғалім Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Хабар 24"- ке сілтеме жасап.
Бақытжан Шәпенова «Аламан» құрақ жобасына қатысып, 500 метрлік көрпені тігуге өз үлесін қосты. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 5 жастан 85 жасқа дейінгі 200 құрақшы қатысқан. Шебердің қолөнермен айналысқанына 30 жылға жуықтаған.
Ол қаладағы мектептердің бірінде еңбек пәнінен сабақ береді. Үйірме ашып, оқушыларға құрақ көрпе тігуді үйретіп жүр.
Бақытжан Шәпенова, мұғалім: - Жоба басталып, 9 ай бойы жұмыс жасалынды. Жаңағы авторымыз бізге өзінің жұмыс дәптерін жіберді. Енді барлығымыздікі бір қолдан шыққандай шығуы керек қой. Сондықтан барлығы келісіліп жасалған болды. 2,5 сантиметр жолақшадан құралып тігілген. 133 блоктан тұрады. 133 блокты құрастырған кезде қошқармүйіз оюы шығады,- деді мұғалім.
Ділнәз Жақсыгелді, оқушы: - Бұны біз қыздар 5-сыныпта қыздар бәріміз тіктік. Бұл – менің алғашқы жұмысым. Өзім тіккен. Мұны мен анама сыйладым. Бізге мұғалім үйретті,- дейді оқушы.