Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Жамбылда бухгалтер 9 млн бюджет ақшасын заңсыз пайдаланыпты

Заңсыз бюджет қаражатын пайдаланған бухгалтер темір торға тоғытылды

Жамбылда бухгалтер 9 млн бюджет ақшасын заңсыз пайдаланыпты
Фото: ашық дереккөзден

Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударып келіпті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді.

 

"2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде). Үкім заңды күшіне енген жоқ",- деді Жамбыл облысының прокуратурасы