Өзбекстанда хоким орынбасары (әкім орынбасары) колледж директорын ұрып тастаған. Оған колледж директорының газетке жазылу жоспарын орындамағаны себеп болған, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы massgaet.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі хабарлады.
Оқиға 14 қарашада болған. Ферғана облысы әкімінің орынбасары педагогикалық колледж директорын ұрып тастаған.
Министрлік мәліметінше, орта арнайы білім беру жүйесіне жетекшілік ететіндер бұл оқиғаны айыптайды. Министрлік хоким орынбасарының мінез-құлқына құқықтық баға беріп, қажетті шараларды қабылдау қажет деп санайды.
Министрлік жоғары оқу орны газеттер мен журналдарға міндетті жазылуды ұйымдастыруға қарсы шықты. Мұндай жағдайлармен күресу және алдын алу мақсатында білім беру мекемелері арасында тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні айтылды.
Қазір аудандық прокуратура тергеу жүргізіп жатыр.