Түркістан мен Шымкенттің қыздарын секс-құлдыққа салғандардың соты өтіп жатыр
39 қызды секс-құлдыққа жіберіпті
Бұл туралы newsroom.kz порталы kz.oqu.news-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстаннан Бахрейнге 39 қызды секс-құлдыққа жіберген. Трансұлттық қылмыстық топ ел аумағында бес жыл бойы адам саудасымен айналысқан. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары аяқталды. Іс материалдары сотта қаралуда.
«Биыл біз Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары болып табылатын 19 адамнан тұратын трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық, олар соңғы бес жыл ішінде Бахрейнде жыныстық құлдыққа салу үшін адам саудасымен, соның ішінде кәмелетке толмағандарды сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», — деп хабарлады ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі Бахрейнде 39 қазақстандық әйелдің жыныстық құлдықтың құрбаны болғанын хабарлаған. Олар Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары.
Биыл Қазақстанда адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша 200 қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мемлекетіміздегі ең өзекті мəселелердің бірі – ол зорлық- зомбылыққа, соның ішінде, жыныстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшырау мəселесі болып отыр.
Негізінен елімізде көптеген заңнамалар әйелдердің құқықтарын қорғау мен оларды əлеуметтік қолдауға бағытталып отырса да, бүгінгі күні жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азайған жоқ. Сондай-ақ, жыныстық зорлық-зомбылықты азайту үшін көптеген мемлекеттік шаралар қолданылуда жəне осы мəселенің алдын-алу жолдары кешенді түрде қарастырылып жатыр. Әйелдер, қорғауды қажет ететін, əлсіз демографиялық топ болып табылатындықтан, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау əр азаматтың міндетті борышы. Осы себептен де жыныстық зорлыққа ұшырағандармен əлеуметтік жұмыс технологиясына негізделген оңалту шараларын дағдарыстық орталықтар арқылы дамыту қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр. Қазіргі таңдағы қоғамдағы құндылықтар жүйесінің өзгеруі құрбандарға қатысты қарым-қатынасқа да өз əсерін тигізуде. Әйелдер мемлекетіміздің тірегі болғаннан кейін, олардың болашақта толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына барлық оңтайлы жағдайлар қарастырылуы қажет. Осы себептен де әйелдерге психологиялық тұрғыдан қатты соққы алуына кейін болашақта тұлға болып қалыптасуына кері əсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4-бабына сəйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық жəне (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық зорлық-зомбылық — адамның психикасына қасақана əсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай- ақ психикалық, дене жəне жеке басы дамуының бұзылуына əкелетін əрекеттерді жасауға мəжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-əрекет, сондай-ақ кəмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-əрекеттер.