Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Жамбылдағы жағдай: 12 жасар қызды депутаттың күйеуі жүкті еткен бе?

12 жасар қыз депуттаттың жұбайынан жүкті ме?

Жамбылдағы жағдай: 12 жасар қызды депутаттың күйеуі жүкті еткен бе?
Фото: азия плюс

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Жамбылда 12 жасар қыз депутаттың күйеуінен жүкті болып қалады. Оны шенеуніктердің бәрі жасырады. Мектеп директоры ата-анасының рұқсатынсыз жүктіліктің 6-айында түсік жасатады - деп жазды белгілі журналист Бауыржан Қарипов өзінің фейсбук парақшасында.

Оның жазуынша, Мәслихат депутаты деп отырған  мемлекеттік балабақшаның меңгерушісі. Күйеуі күзетші екен.

Оқып отырсаң шошисың кәдімгідей. Мораль шығара алмайсың ғой мынадан. Жалғызбасты әйелдің қызы екен.  Ата-аналар кімдерге балаларын табыстап отыр? Біле ме? - деп күйінді жазба авторы. “Қазақ әйелінің тағдыры тым ауыр. Ажырасқан әйелдерді қоғам құрметтемейді, керісінше қысым жасайды. Құрметтемесе де жайына қалдырмайды. Ажыраспаса, абьюзерлер жаназасын шығарып, бір-ақ тынады. Және қоғамның ең зиялысы деген өкілдері - ұстаздары осылай басынады. Адам құрлы көрмейді. Бұл әйел баланы күлге аунап таппаған шығар. Әкесі қайда? Неге онда жауапкершілік жоқ? - деп күйінді Б.Қарипов. 

Министрлік қайда қарап отыр? Облыстық Адам құқықығын және Бала құқығын қорғайтын Уәкілдер қайда қарап отыр деген жауабы жоқ сұрақтарды кімге қоямыз?!