Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Сегіз рет пара алған екі полицей анықталды

Қостанайда патрульдік полицейлер сотқа тартылып жатыр

Сегіз рет пара алған екі полицей анықталды
фото: zakon.kz

Қостанайда патрульдік полицияның бұрынғы екі қызметкері көлік жүргізушілерінен пара алғаны үшін сотқа тартылып жатыр. Сотталушылар бір ауысымда 155 мың теңгеден астам "табыс" тапқан, деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz-ге сілтеме жасап.

Іс Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Бұрынғы полицейлерге пара алды деген айып тағылып отыр, бір ауысым бойынша сегіз эпизод анықталды. Бұл жағдай осы жылдың 4 ақпанында болған көрінеді.

"Инспекторлар Істілеуов пен Қабжанов Қайырбеков-Гоголь көшелерінің қиылысында LED шамдармен жабдықталған "ВАЗ- 2107" автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында қызметкерлер көлік иесінің жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтайды. Автокөлік жүргізушісі хаттама толтырмай, барлығын сол жерде шешуді сұрады. Осылайша ол полицияға 10 мың теңге көлемінде пара берді".Гүлмира Кенжетаева, прокурор

Іс материалдарына сәйкес, бұдан кейін сотталушылар патрульдеуге шығады, Істлеуовке Әйтенов қосылады, олар Екатеринбург – Алматы тас жолында қызмет ете жүріп, тағы сегіз рет пара алған. Жүргізушілер арасында көршілес Ресей азаматтары да бар. Экс-полицейлер алған параның жалпы сомасы 155 мың 303 теңге.

Айыпталушылар соттажауап беруден бас тартты, деп жазады басылым. Соттың жалғасы жақын арада болады.