Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қараша, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Биыл Келес ауданына 10 млрд. теңге инвестиция тартылды

Келес ауданында 2025 жылға дейін 4 жобаға 51 млрд. теңге инвестиция тартылады деп көзделген.

Биыл Келес ауданына 10 млрд. теңге инвестиция тартылды
Ғаламтор желісінен

Ал биыл кәсіпкерлік нысанға салынған қаражат көлемі 10 млрд. теңгені құрады. Егер жоспар толық орындалса аймақта 1000-ға тарта жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды newsroom.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес ауданында жыл басынан бері өндірілген өнім көлемі 81 млрд теңгеден асты. Ал тартылған инвестиция соммасы 10 млрд.-қа жетті. Аймақ басшысы негізгі түсім ауыл шаруашылығы тауарларына тиесілі екенін айтады.

Жәнібек Ағыбаев, Келес ауданының әкімі: «Биылғы жылға осы көрсеткіштерді көтеру бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп, орындау бойынша нақты іс шаралар атқарылып жатыр. Түркістан облысы бойынша Келес ауданы ең ірі қазіргі заманға сай нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланған өнеркәсіптік-аграрлық аумақтардың бірі болып саналады. Ауданымыздың негізгі даму бағыты ауылшаруашылық саласы. Оның үлесі 64% құрайды. Егін және мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ қатарында»

Ауданда 133 мың тұрғын болса, оның 70 мыңға жуығы белсенді тұрғындар қатарына енеді. Жәнібек Ағыбаевтың мәліметіне сәйкес жұмыссыздық көрсеткіші 5 пайызды құрайды. Ал бұл статистиканы жақсарту үшін арнайы жасақталған бағдарламаның қосқан үлесі мол.

Жәнібек Ағыбаев, Келес ауданының әкімі: «Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында инвестиция тарту жұмысын атқарып жатырмыз. Жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу, «Ауыл аманаты» арқылы жеңілдетілген несие беріп жатыр. Бұл жайында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыссыздықпен күресудің ең дұрыс жолы деп санаймын»

Айта кетейік, «Ауыл – аманаты» пилоттық жобасына 4 ауылдық округі қатысады. Оның ішінде Қошқарата, Ошақты, Ақтөбе және Біртілек ауылдары бар. Онда 224 тұрғынның жобасы мақұлданып,139 бизнес жоспарға 770 млн теңге несие берілді.

Айта кеткен жөн, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасында №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам  тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қа­жет­ті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.

«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру.