Белгілі әнші Медеу Арынбаев "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында көзіне жас алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Әншінің қызы мен ұлы бағдарламаға берген сұхбатында әкесінің махаббатын тапса үйленіп бақытты болғанын қалайтынын жеткізді. Перзенттерінің осындай жылы лебізінен кейін Арынбаев осындай ақылды балалары болғанын мақтан ететінін айтты.ң
"Мен өмірдегі ең бақытты адаммын, өйткені Айнұрым осындай ұл мен қыз тастап кетті. Тапсырып кетті. Балалардың тілегін білем ғой. Бұдан артық бақыт бар ма? Осындай ұл мен қызды сағым сынбай тәрбиелей алғаныма,- деді әнші.
Алайда, Медеу Арынбаев махаббатта да, өнерде де тұрақтылықты жақсы көретінін жасырмады.
"Менің қайтпайтын мінезім бар. Тұрақтылықты жақсы көремін. Өнерде де соңғы жылдары "мәңгілік махаббатты" жырлап келемін. Махаббаттың мәңгі екендігі мен қайткенде де дәлелдеймін.
Айта кетейік, Медеу Арынбаевтың жұбайы Айгүл Арынбаева (Үмбетәлиева) жұбайымен 1996 жылы "АБК" тобының алғашқы концерттерінің бірінде танысқан. Екі айдан соң Медеу Арынбаев сүйіктісімен бас қосуды ұйғарады. Бір жылдан соң олардың тұңғышы Дәулет, тағы екі жылдан соң қыздары Дайана дүниеге келген.
Айгүл Арынбаева кәсіби скрипкашы, альтшы болған. Ол Балқаш маңындағы Мыңарал ауылында дүниеге келген. Музыкалық училищені тәмамдап, Алматыға келіп, консерваторияға альт сыныбына түседі. Көп жыл бойы Мемлекеттік филармонияның симфониялық оркестрінде қызмет атқарған.
11 жыл бойы тату-тәтті өмір сүрген отбасы бір-ақ күнде қара жамылып, 2010 жылдың соңында небары 41 жасында Арынбаевтың жұбайы инсульттен көз жұмды.