Жаңалықтар

Түркістанда «Жастар теріс ағымның жетегіне неге тез ереді?» тақырыбында кездесу өтті

Шардара ауданында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында шара өтті

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан дін істер басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шардара ауданында дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданы Ш.Уалиханов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастар теріс ағымның жетегіне неге тез ереді?», «Әлеуметтік желінің жастарға кері әсері», - тақырыбында кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық - түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев, мектептің директоры К.Сулейменова қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық - түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев: Интернет пен әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сайттардың еркін қолжетімділігі де жастарды жарға жығуға итермелейтін факторларының бірі болып тұр. Бүгінгі таңда еліміздің жас азаматтарының басым көпшілігі радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшырау қауіпінде жүргені белгілі. Жастарымыздың радикалды діни ағымдардың ықпалына еріп кетуі олардың жеке ой-түйсігінің әлі де толықтай қалыптаспағандығы. Сондай - ақ, жастардың санасына жат ағымның оңай әсер ететіні анық.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе - бет қарым - қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым - қатынас жасауды жөн көреді. Діни экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады. Діни сауаты таяз адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі.

Айта кетейік, дін адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және рухани өмірінің негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарау әсте мүмкін емес. Егемен ел атанып, тұғырымызды бекіткен жылдар аясында, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны айрықша. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ. Дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін нығайтуда, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Дәстүрлі дін адам баласын ізгілік пен сабырлыққа ұйытып, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан тыяды, ішімдік, есірткі, зинақорлық, нәпсіқұмарлық секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстауға тәрбиелейді. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі һәм тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор. 

Ескерте кетейік, дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек.

Діни экстремизм ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды.

Қазіргі уақытта елімізде діни ахуал тұрақты. Дін мәселесін зерттеумен айналысатын  мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың  жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.

Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді.  Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Деструктивті діни ағымдардың бірі құрыса  оның орынына жаңасы пайда бола қалып, ғаламтор арқылы жылдам таралуы да  таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан  да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек. Ол үшін мемлекет болып, қоғам болып жұмыла күресуіміз тиіс. Жастардың бойына патриоттық сезім,  қоғамдағы зайырлылық қағидаттарының нығаюуына,  дәстүрлі  құндылықтарымыздың берік сақталуын баса көңіл аударуымыз маңызды.