Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрінің ұлы – Игорь Ильин «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Бас директоры лауазымына отырды.
Бұл туралы Petro_council телеграм арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазды.
Ол Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.
Әр жылдары «Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС, «Aventis group» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ СҮ басшысы, бұдан әрі – «Самұрық-Энерго» АҚ дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарған.
Соңғы жұмыс орны – «Севказэнерго» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ және т. б. иелік ететін энергетикалық компания – «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ (ОАЭК) коммерция жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болған.
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылым объектілерін салу жөніндегі оператор.
Әкесі – Юрий Ильин 1968 жылы Ресейдің Новосібір облысы, Куйбышев қаласында туған. 2020-2023 жылдары Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі лауазымын атқарған. Әскери атағы – генерал-лейтенант. Биыл жазда орын алған «Семей орманындағы» трагедиядан кейін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен жұмыстан босатылған еді...