Сауранда жасөспірімдермен жұмыс жүргізу күшейтілді

Сауран ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алды

фото: ашық дереккөзден

Сауран ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында аудандағы білім беру мекемелерімен бірлесіп көптеген іс шаралар атқарылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

  Іс-шарада жасөспірімдер арасындағы буллинг, әлімжеттік, ойын – сауық орындарында шектелген уақыттан кейін жүрмеу, құмар ойындары және есірткі мен психотропты заттардан аулақ болуы, жолда жүру ережесін түсіндірумен қатар олардың заң алдындағы жауапкершілігі жайлы түсіндірілді.

Сонымен қатар аудан көлемінде рейдтер жүргізу нәтижесінде ағымдағы оқу жылынан бастап 75 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілгендігі хабарланды. Сондай-ақ шараға қатысушыларға «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді, деген ұсыныстар айтылды.

Жүктелуде...