weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Су жаңа теңгелерді көрдіңіз бе? Ұнады ма? Әдемі ақшамыздың бағамы да жақсара берсе ғой?!

Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды

Су жаңа теңгелерді көрдіңіз бе? Ұнады ма? Әдемі ақшамыздың бағамы да жақсара берсе ғой?!
Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды, деп хабарлайды newsroom.kz Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады.