Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Sportroom

Армия самбошысы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Арнұр Қуатай Ереванда өткен әлем чемпионатында қола медаль ұтып алды

Армия самбошысы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
фото: ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Әскери қызметші Арнұр Қуатай Армения астанасы Ереванда самбодан өткен әлем чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа 65 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың ішінде титулды самбошылар, әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары бар.
Ефрейтор Арнұр Қуатай төрт жекпе-жек өткізді. Алғашқы жекпе-жекте ол Моңғолиядан келген балуанды ұтса, екінші сайыста морокколық спортшыдан басым түсті.

Күміс медаль үшін болған жартылай финалда Арнұр Қуатай ресейлік спортшыға есе жіберді. Ал үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте ол грузин балуаны Миндия Лилуашвилиден басым түсті.

Жалпы Қазақстан құрамасы чемпионатта медальдық есеп бойынша үшінші орында тұр. Қазақстандық самбошылардың қоржынында бір алтын, екі күміс медаль бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату