Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Шоубиз

Қайрат Әділгерей 93 млн теңгеге үй алды

Белгілі әзілкеш жаңа қонысқа көшті

Қайрат Әділгерей 93 млн теңгеге үй алды
Фото: stan.kz

Белгілі әзілкеш, дубляж актері Қайрат Әділгерей 93 млн теңгеге алған жаңа үйі туралы айтты , деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл үйге көшіп келгенімізге бір ай толды. Бұрын 55 шаршы метрлі екі бөлмеде тұрдық. Содан кейін осы төрт бөлмелі үйге көштік. 160 шаршы метр болады. Үйдің жөндеу жұмыстарына бес айға жуық уақыт кетті. Сол аралықта пәтерден пәтерге көшіп жүрдік, – дейді “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сұхбат берген актер. 

Әл-фарабидің жоғары жағынан алдық. Өте қымбат жер. Біз тұрғын үй кешені салынып жатқанда алып қойдық. Осы жылдың наурыз айында пайдалануға берілгенде таза әрлеуде алдық. Ал дизайынын өзіміз жасадық.

Біз көшкен жылы көрші тұрғын үй кешені салынып жатты. Ол терезеден көрінетін тауды жауып тастады. Үйіміз сегізінші қабатта тұр еді, “он екінші қабатқа көтерейікші” дегенімізде: “25 миллион теңге төлеп кез-келген қабаттан ала беріңіздер”, – деді, сонда әр қабатқа 5 миллион теңгеден қосып тұр. Өте көп шығын кеткесін, ол сумманы тауып бере алмадық. Осы қабатқа да қанағат. Бұл үйдің нақты бағасы – 93 миллион теңге. Құрылысына 50 миллион теңге кетті, – дейді актердің жұбайы.