Жарақаттанып қалған Зайнутдинов жанкүйерлеріне үндеу жасады

Бахтиер Зайнутдинов қазақстандық қолдаушыларына алғысын білдірді

фото: zakon.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында қолдаушылары мен ұлттық құрама ойыншыларына үндеу жасады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бахтиер Зайнутдинов Instagram парақшасындағы жазбасында Зайнутдинов түрік тілінде:

Қолдауларыңыз үшін көп рахмет! - деп жазды.

Сонымен қатар қазақстандықтарға алғысын жеткізіп, ұлттық құрамаға сәттілік тіледі:

 Жігіттерге ұлттық құраманың маңызды матчтарында тек сәттілік тілеймін! Алға!

Айта кетейік, спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының алда болатын кездесулерінеде ел намысын қорғау керек болған. Алайда, жарақат салдарынан маңызды ойындарға қатыса алмайтын болды.

Жүктелуде...