weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Медицина
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір аптада 41 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда кейінгі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 41-ге жетті

Бір аптада 41 адам коронавирус жұқтырған
фото: un news

Covid-19-ды кейінгі аптада 41 адам жұқтырды,- деп хабарлайды newsroom.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда аурудың екі штаммы кең таралған, олар XBB және EG.5 "Eris". Барлық нұсқа Omicron-нан шыққан және әдетте өте жұқпалы. Omicron инфекциясымен байланысты негізгі белгілер - жөтел, шаршау, мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағуы.

Штамдар арқылы жұқтыру ықтималдығының жоғары болуына қарамастан, Қазақстанның эпидемиологтары қазан айында өткен аймен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендегенін атап өтті.

Қазақстанда қазірге дейін 1 505 511 жағдай тіркелсе, оның ішінде биыл жыл басынан бері 11 775 оқиға тіркелді.

Дәрігерлер вакцинация коронавируспен күресудің ең тиімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Ұлттық денсаулық сақтау орталығы барлық осал тұрғынды тұмауға және COVID-19-ға қарсы, әсіресе 65 жастан асқан, иммунитеті төмен немесе жүрек, өкпе және қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар тұрғындарға вакцина салуды еске салды.