weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мектеп оқушыларының жаппай улануы: прокуратура мәлімдеме жасады

Жамбылдағы оқушылар неден уланған?

Мектеп оқушыларының жаппай улануы: прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Жамбыл облысында балалардың жаппай улану оқиғасы бойынша прокуратура пікір білдірді, - деп хабарлайды newsroom.kz Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

7 қарашада Сарыкемер ауылының Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жүгінген.

Қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды (33 оқушы және 2 мұғалім). Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындағаны айтылды.

"Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 304-бабының 1-бөлігі бойынша (cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) СДТБТ-ге тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында", - делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→