Тоқаев Димаш Құдайбергенге қандай ерекше сыйлық жасады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге ерекше сыйлық жасады

Фото: инстаграм желісінен

Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Димаш Құдайбергенге тазы күшік сыйлады. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Жүктелуде...