Серікбол Сайлаубек не үшін ажырасқанын айтты

Серікбол Сайлаубектің ажырасуына не түрткі болды?

Фото: time.kz

Әнші Серікбол Сайлаубек «TALKLIKE» бағдарламасына берген сұхбатында ажырасуының себебі көзінің нашарлауына байланысты екенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Сынақты көтере алғандықтан да берілген шығар. Мұның бәрі уақытша, соны түсіндім. Мына дүние уақытша. Көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді. Көзің көрмейді, бірақ тірісің. Тірі өліксің, былайша айтқанда. Не өлі, не тірі емессің. Бес-алты күн өз-өзіммен қалдым. Сіздер үшін 5-6 күн өтеді де кетеді. Ал қараңғыда 5-6 күн деген өте ұзақ уақыт екен. Атағың, дүниең жоқ қой, сол кезде адам рухымен қалады. Мына жалғанда адам дүниенің артынан қуа бермей ішкі рухын толтырғаны абзал. Ол үшін алдымен иман керек. Иманың әлсіз болса, рухың әлсіз болады.

Қиын-қыстау сәтте адамның шынайы бет-бейнесі көрінеді. Қиналған сәтте қасыңнан табылмаған адам бәрі жақсарғанда қайта келсе, ол дұрыс емес қой. Әйеліме «осы жерден қоя салайық» дедім. Келіп-кетіп жүретін «проходной двор» емеспін, намысым бар, халық таниды.

Бірақ балаларыммен қарым-қатынасымыз жақсы, күнделікті қыдырамыз, толыққанды әкемін. Тек бұрынғы әйелімнің өміріне араласпаймын. Ажырасу деген сөз ғой, әйтпесе бала бар жерде байланыс үзілмейді ғой, - деді ол.

Жүктелуде...