Неге? Көмір бағасы бірден 12 пайызға өсіпті
Қазақстанның қай өңірлерінде көмір қымбаттады?
Бұл туралы newsroom.kz порталы energyprom.kz - ке сілтеме жасап.
2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде тас көмір өндірісі 84,8 млн тонна болған көрінеді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,1% аз. Оның ішінде, қоңыр көмір 3,3 млн тоннаны, ал көмір концентраты — 2,7 млн тоннаны құрады.
Қоңыр көмір мен көмір концентраты- тек Павлодар және Қарағанды облыстарында өндірілетін болды. Көлемі 50,5 млн тонна және 27,2 млн тонна құрайды екен.
Оның үстіне, Павлодар облысында көмір өндірісі 0,6%-ға, нақтырақ айтсақ, 279,3 мың тоннаға өссе, Қарағанды облысында 3,6% ,1 млн тоннаға азайған. Көмір өндірудің айтарлықтай көлемі Абай (5,7 млн тонна) және Ұлытау (876,8 мың тонна) облыстарында да болды.
Қазақстандық кеншілер елді 100%-ға жуық көмірмен қамтамасыз етіп отыр. Биылғы қаңтар-тамыз айларындағы импорт - 0,7 пайызды құрап, 2022 жылмен салыстырғанда (0,4%) сәл артық болып отыр. Көмір импортының көлемі 1,5 еседен астам өсті, бірақ 491 мың тоннаға ғана жетті.
Бір жылда көмір 12,3% қымбаттаған, 2022 жылдың қыркүйегіндегі баға 10,8% өскен. ҚР өңірлері ішінде көмір бағасының ең көп өсімі Ақтөбе облысында болды: 39,2%. Одан кейін Түркістан облысы (28,8%) және Алматы (23,5%). Баға ең аз өскен өңірлер Алматы және Қарағанды облыстары: тиісінше 2,3% және 3,7%. Батыс Қазақстан облысында баға өзгерген жоқ, ал Жамбыл облысында 3,6% арзандады.