Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.
Белгілі заңгер Нұрсұлтан Орынбеков инстаграм парақшасында бүгін Астанаға ресми сапарымен келген Франция президентінің өтінімін жазды.
"Бүгін Астанаға Франция президенті Макрон келді. Келе салып, Тоқаевпен кездесуде "француз тілі қайтарылса, бұрыңғыдай мектептерде оқытылса бар күшімізді саламыз" депті. Сіз не дейсіз? Орыс пен ағылшын аздық етіп жатыр ма?"- деп Нұрсұлтан Орынбеков оқырмандарына сауал жолдай отырып, жазды.
Желі қолданушыларының біразы бұл ұсынысты ұнатпаса керек, қолдамайтынын жеткізіп, пост астына небір кері пікірлерін қалдырды.
"Бәрі қотыр қожайын әйтеуір. Өткенде Путин "қазақтардың орысшасы қалай боп жатыр, тексерем" деп еді. Енлі мынау шықты ма? Кейде ойыма Қазақстан шынымен тәуелсіз бе деген ой келеді."- деп желі қолданушысы шамдана жазды.