Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.
Белгілі журналист Аслан Каженов әлеуметтік желісінде қазақ күресі туралы жазды.
"Қазақ күресі клоунадарға айналды...
«Өнер барысын» керіп құсқым келіп отыр.
Ұлттық спортымызды не қылып жібердіңдер?
Қай халық осылай өзінің жекпе-жегін приколға айналдырады? Дзюдоны, сумоны не каратэні мазақ қылған жапонды көрдіңіздер ме?
Таэквондоны шоуға айналдырған кәрісті білесіздер ме? Бел жарында орыстар самбосын, өзбектер курашын не татарлар белбеу күресін осынша темендете ме? Кім жауапты бұған?
Қанша ақша бөлінді? Неге мемлекеттік арнадан керсетіледі?
Бір белдесудің өзінде «сүйкімді қанішер», «холодильниктер күресі» не «смело айырып тастаймын» деген әңгімелер айтылып жатыр.
Соңына дейін көре алмадым. Мына түрімізбен жақын болашақта адам болмаймыз? Кезінде осы қазақ күресін қайтадан аяққа тұрғызып, оны, тіпті, Азия жане Олимпиада ойындарына қосқысы келді. Қаншама жұмыс атқарылды?
Қанша қаражат шашылды? Ал, мыналар бәрін
сызып тастады ғой. Дәл осы форматтары
күресті ешбір жарыс бағдарламасына
қоспайды.
Басқа біреу мазақ қылып жатса, бір жөн.
Жігіттер не болды сонша? Не істеп жатсыңдар?
Ұлттық спорт жанашыларлары қайда? Ұлт
жанашырлары қайда? Бейбіт Ыстыбаев, Ұлан
Рысқұлбек, Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров,
тағы басқалары, неге үнсіз отыр? Сіздерді «батыр» дейді той. Бір пікір білдіре алмайсыздар ма? Вообщым, көңіл қалды. Тура мағынасында құсқым келді. Бізге сырттан жау керек емес. Өзімізбен-өзіміз іріп, өз түбімізге өзіміз жетеміз...",- деп жазды журналист.