Демеу Жадыраевқа атыраулықтар бөрінің терісінен тігілген шапан жапты

Турнирге қырғыз күресінің майталманы Ақжол Махмұдов құрметті қонақ ретінде келді

Атыраудағы Oil Capital Cup турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жауып, құрмет көрсетілді. Бұл туралы атыраулық кәсіпкер әрі Атырау күрес федерациясының басшысы Арман Тұғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында  мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан” – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ грек-рим күресінен Париж олимпиадасының күміс жүлдегері.

Демеумен бірге Атыраудағы турнирге қырғыз күресінің майталманы Ақжол Махмұдов та құрметті қонақ ретінде келіп, жастармен кездесу өткізді.

Жүктелуде...