Әли Оқапов “Құрмет” орденінен бас тартты

“Құрмет” орденіне байланысты шудан кейін әнші марапаттан бас тартты

Фото: almaty.tv

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Жақында ғана "Құрмет" орденін алған әнші Әли Оқапов бұл медальден бас тартатынын айтып, бейнеүндеу жариялады.

"Қымбатты достар, әріптестер, осы бейнежазбаны көріп отырған жандар! Соңғы жағдайларға байланысты бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді деп ойламадым. Сондықтан, ештеңе байқамағандай кейіп таныту немесе бәрібір сияқты жүре беру дұрыс емес деп ойлаймын. Сол себепті осы бейнежазба арқылы телеарналардың, радиостанциялардың, қоғамдық ұйымдардың және жеке жобалардың барлық музыкалық сыйлығынан бас тарту туралы шешім қабылдағанымды жеткізгім келеді. Жалпы айтқанда, 32 жыл ғұмырымда қатысқан барлық музыкалық жүлделерден де бас тартамын. Осыны көптен бері жасағым келіп жүрген. Оның үстіне балама балалар бөлмесі қажет. Ал кабинеттің сөрелерінде тұрған темір жүлделер балама өте қауіпті. Енді осыны істеу үшін жақсы себеп табылды", - деді әнші. 

Одан кейін Әли Оқапов мемлекеттік наградаларға жеке тоқталды. 

"Мемлекеттік наградаларға келсек, оарда ҚР Мемлекеттік рәміздері болғандықтан, бұл жерде жағдай басқаша. Мен заңды зерттеп, қайтару нормативтері туралы іздендім. Алайда ештеңе де таппадым. Мұндай норма жоқ. Меніңше, бұлай ешкім жасамаған. Сол себептен бұл наградалар уәкілетті органның шешімін күтеді. Шешім қандай болса, мен де солай істеймін. Яғни, қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын", - деді әнші.

 

 

Жүктелуде...