Иран кинематографиясын кәсіби бағалау және қадағалау бас басқармасы осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Осыған дейін хиджабсыз актрисалардың қатысуымен түсірілген фильмдерге бұл тыйым әсер етпейді, өйткені ақша жұмсалып қойған көрінеді. Бірақ оларға жаңа фильмдерге түсуге тыйым салынады. Тізімде Баран Косари, Вишка Асайеш, Таране Алидусти, Катаюн Риахи, Пантеа Бахрам, Хенгаме Газиани, Пега Ахангарани сияқты танымал актрисалар бар.
Шектеулерге байланысты бұл актрисалар енді кинодағы мансабын жалғастыра алмайды. Бұл жобаларға қомақты қаржы құйылғанын ескере отырып, кинопродюсерлердің мүдделерін құрметтеу мақсатында олардың бұрынғы жұмыстары кезең-кезеңімен шығарылатын болады. Бірақ оларға алдағы фильмдерге түсуге тыйым салынады, - деді Иран киносын кәсіби бағалау және қадағалау бас басқармасының ресми өкілі Хабиб Ил Беги.