Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады деп хабарлады Энергетика министрлігі newsroom.kz порталы жолдаған сауалхатына.
Батыс өңірлерде жылу беру 20 қазаннан бастап, оңтүстік өңірлерде - осы жылдың 25 қазаннан бастап жоспарланған.
Мәселен, Риддер қаласында 8 қазаннан бастап жылыту маусымы басталған, тұтынушыларды қосу аяқталу кезеңінде дейді. Жұмыста 3 қазандық бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда екен. Нысанда 16 мердігер ұйым бар деді біздің сауалхатқа жолданған жауапхатта. 3 қазандықты жөндеу ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталады. Көмір мен мазут қоры бар екен.