Бұл туралы newsroom.kz порталы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Атыстан Қазақстандық әйелмен оның 23 жастағы қызы ( Палестина азаматы) қаза тапты.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қаза тапқан қазақстандық Палестина аумағында ұзақ уақыттан бері тұрып келген.
ХАМАС радикал тобының бақылауындағы Газа секторының денсаулық министрлігі 7 қазаннан бері бұл аймақта 4651 адам қаза тауып, 14245 адам жараланғанын мәлімдеді. Ал Израиль тарабы кемі 1400 адам қаза тапқаны хабарлаған.
Екі аймақта да қаза тапқан шетелдіктер көп.
Қазақстан СІМ-нің өкілі Айбек Смадияров өткен аптада Газа секторында 64 қазақстандық барын айтқан.