Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Киік қырылған күз: әлжеліде сұмдық видеолар тарауда

Әлеуметтік желіде жүздеген өлі киіктердің бейнежазбасы тарауда

Киік қырылған күз: әлжеліде сұмдық видеолар тарауда
Видеодан скриншот

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

Жақында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді ату басталатынын мәлімдеген.

Жайылымдар мен дәнді дақылдарға зиянын тигізеді деген киіктерді 6 қазаннан бастап ату заңды күшіне енген көрінеді.

Бұл жаңалық халықтың қызу талқысына түсуде. Ал, әлеуметтік желіде бір түнде өлтірілген жүздеген киіктердің видеосы желдей есіп, қоғам дүрлігіп жатыр.

Белсенді фейсбук желісі қолданушысы Тортуыл Шоқан өлі киіктердің видеосын жариялап, көпшіліктен бұл сұмдықты тоқтатуды сұрады.

“Киіктердің обалы—атуға рұқсат бергендер мойнында! 

«Бір бригадаға бір түнде 100 киік ату норма деп белгіленген» дейді білетіндер! 

Киік мүйізін-ғана алып, етін сақтайтын орындарға жеткізе алмай—сасытып, ішек-қарнын тіптен алмай тастап кетіп жатқан көрінеді. 

Атылған аң терісімен жарты сағат жатса—еті жарамсыз болатынын экологтар білмей ме? 

Не масқара мынау?! 

Осы киікті атамыз деп —заңсыз аңшылық бабымен қанша адам сотталды. 

Осы киіктерді қорғау жолында инспекторларда мерт болған-ды. 

Халайық! Көпшілік болып тоқтатайық мынандай сұмдықты!”,- деді Тортуыл Шоқан.