Президент жарлығымен Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.
Айта кетейік, Ғалымжан Қойгелдиев Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің маманы, Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.
2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы қызметін атқарды.