Сот Қайрат Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сот сотталушы Б.-ның өтінімхатын қанағаттандырып, қалған жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.
Сот мына мән-жайды ескерді:
Сотталушы заңмен бекітілген жазаның үштен бір бөлігін өтеді (2 жыл 4 ай 5 күн);
Тергеумен келісіп, істеген ісіне өкініп, мемлекетке келтірген залалды толық өтеді;
Қамауда болған кезінде өзін оң жағынан көрсетті.
Мекеме әкімшілігі тиісті құжаттарды ұсынып, өтінімхатты қолдады", - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған. Ал қыркүйекте жаза мерзімі 6 жылға дейін қысқарған еді.