Мәслихат депутаты Руслан Насыровты өз үйінде ұрып-соққаны туралы хабарлайды newsroom.kz порталы turkistan.today сілтеме жасап.
Орын алған келеңсіз жағдай туралы қоғам белсендісі Оңғар Қабден:
“Мәслихат депутаты Руслан Насыровты өз үйінде ұрып-соққан. Ол өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен жергілікті ірілердің жолын кесіп кеткендей...» - деді.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» және 202-бабы 1-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Жәбірленушіге қатысты сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.