Қазақша сөйле! Қазақстанда жаңа коммуникативтік талаптар енгізіледі

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қазақ тілін меңгерудің жаңа коммуникативтік талаптары қолданылады

фото: tengrinews.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа коммуникативтік талаптар туралы елордада өткен стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің отырысында айтылды. Іс-шараға қатысушылар ұлттық стандарттардың, оның ішінде қазақ тілін меңгеру жобаларын қарастырды.

Отырыс барысында елімізде мемлекеттік тілді меңгерудің әрбір деңгейі үшін сертификаттар көзделетіні туралы шешім қабылданды.

"Қазақстан Республикасында тілдер туралы" Заңның негізінде әзірленген стандарттар өте қажет, өйткені олар жұмысты нақты уақытында әрі талаптарға сәйкес орындауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Міндетті тестілеуге кімдер қатысады?

- магистратура мен докторантураға түсетін студенттер;
- мемлекеттік әкімшілік қызметтің " А " органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер;
- "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткер талапкерлер;
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясына түсуге үміткер студенттер;
- "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" оқытушылары.
Айта кетейік, жоба 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылады.

 

Жүктелуде...